Ауа-райы қолайсыздығынан зардап шеккендерге көмек көрсетілуде

«Тараз» ӘКК» АҚ Жамбыл облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп Жаңатас және Қаратау тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді.

Жамбыл облысында бірнеше күн бойы қатты дауыл тұрып, табиғи апатты жою бойынша жауапты қызметтер бүгінгі күнге дейін күресіп жатқан бірқатар салдарға (жылу, электр энергиясын беру) алып келді.

– Жергілікті билік өкілдері, арнаулы қызметтердің мамандары Жамбыл өңірінің аумағында қалыптасқан төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша барлық мүмкіндікті жасауда. Тұрғындар қар тосқауылдарынан шығарылды. Оларға көмек көрсету, дауылдан болған залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің баспасөз қызметі.

Жаңатас, Қаратау қалаларына 20 мың дана нан, 3000 дана балауыз шамдары, сондай-ақ 5000 литр ауыз су жіберілді.

– Жағдай аймақ басшысының жеке бақылауында. Мүмкіндігінше қатты желден зардап шеккен жергілікті тұрғындарға барлық қажетті көмек көрсетіледі, – деп атап өтті «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыров.

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз» ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Өңірлік тұрақтандыру қоры

Баспасөз қызметі

Барлық құқықтар қорғалған © 2023 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы