ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық»

«Тараз» ӘКК» АҚ» «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты. Корпорация қызметкерлері демеушілермен бірге қаладағы 11 мектептің оқушыларына оқуға керек-жарақтарын, яғни: кеңсе тауарлары, сөмкелер мен мектеп формасы және аяқ киімге арналған сертификаттарын табыстады. Осылайша жаңа оқу жылы қарсаңында балаларды ерекше қуанышқа бөледі.

 Акция жыл сайын аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін оқу жылы қарсаңында өткізіледі. Ол 2022 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Биыл «QZQ finance» ЖШС, «Burnoye Solar-1» ЖШС, «UG Operation Service» ЖШС, «Caspian Legacy Construction» ЖШС, «МФО «Тараз» ЖШС, «МФО «Атамекен Тараз» ЖШС, «Империя» ЖК және «Шарипов» ШҚ қайырымдылық шарасына ерікті түрде қолдау көрсетуге шақырылды.

– Бұл өте игі іс. Біз әріптестерімізбен бірге балаларға сыйлықтар жинадық, енді олар басқа құрдастарынан ешнарседен кем болмай оқу орындарына барады. Осындай игі шара  бүкіл Қазақстан бойынша өткізіледі. Бұл шараның қатысушысы болу – біртұтасм халықтың рухани бөлшегі болумен пара-пар. Қайырымдылыққа қатысуға ниет білдіргендер мүмкіндіктеріне қарай қаржы берді, ешкім ешкімді мәжбүрлеген жоқ, – деді акционерлік қоғамның төрағасы Дәулет Әбілқайыров.

Мектеп оқушыларына сыйлықтарды табыстауға басқарушы директорлар – Еркін Жылысбек пен Мұхтар Ботабаев қатысты. Олар 5 отбасыға жәрдемдесті. Балаларға таңдалған керек-жарақтардың қатты ұнағаны олардың жарқыраған жүздерінен байқалды.

– Бүгін қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына да барып, Эльдар есімді баланы қуанттық. Бұл бірінші рет емес, оны түрлі мерекелерде де назардан тыс қалдырмаймыз. Ол ағаларымен тағдырдың тауқыметін ерте тартса да, мұнда мекеме директоры Айжан Мейірханованың қамқорлығын көріп өсіп келеді, – дейді инвестициялар тарту блогының басқарушы директоры Еркін Жылысбек.

Биыл Балалар жылы болғандықтан акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Оған еріктілер, кәсіпкерлер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдары және басқа да азаматтар қатыса алады. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға көмек көрсете алады немесе сол көмекті ала алады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, акцияны өткізген 10 жыл ішінде 2 миллионнан астам бала материалдық көмек алған.

Осылайша № 25, 42, 46, 48 және 54-ші қалалық мектептердің оқушылары 1 қыркүйекке дейін толық дайын. Барлық мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында жақсы жаңалықтар мен үлкен жетістіктер тілейміз!

Кирилл БЕРДЕЦКИЙ, «Тараз ӘКК» АҚ баспасөз қызметі

 

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»