Жетістік тарихы: Жылыжайға қияр мен құлпынай егіп, мол өнім алуда

Жылыжай шаруашылығын дамыту бүгінде өзекті мәселе. Сондықтан аграрлық салада пайдалы кәсіптің бірі – жылыжай десек, қателеспейміз. Шындығында, бүгінгі күні кәсіпті дамыту мен жаңғыртудың оңтайлы жолы – жеңілдетілген несие алу.

Мәселен, «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» Пилоттық жобасы ауыл тұрғындарының кәсібін дамытуға сеп болып отыр. Аталған жоба арқылы 14 миллион 500 мың теңге алған кәсіпкердің бірі Рәсілбек Исабеков. Байзақ ауданы, Қостөбе ауылында орналасқан жылыжайын жаңғыртып отыр. Осы уақытқа дейін қияр ғана егіп келген кәсіпкер өткен жылдың жаз айында алғаш рет құлпынай егуді қолға алған болатын. Сол құлпынайы қазіргі таңда өнімін беріп, өңір нарығына шығып үлгерді.

 Кәсіпкер қыс бойы баптаған құлпынайынан 100 келіге дейін өнім алыпты. Көктем шыға бастаған уақытта оның келісін 4 000 теңгеге дейін саудаласа, қазіргі уақытта 1 500-2 000 теңгеден өткеріп жатыр екен. Сонымен қатар қиярынан да тәулігіне 300-500 келіден өнім алу үстінде. Онысын 350-500 теңгеден сатып, пайда табуда. Бастысы, кәсіпкердің өндірген өнімі шетке емес, өзіміздің базарға өткерілуде. Еш химиялық дәрілерсіз өсірілген өнімге халықтың да сұранысы жоғары.

Осылайша, істің көзін тауып, жұмысын жүйелендіріп отырған кәсіпкер 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың барлығы дерлік, сол Қостөбе ауылының тұрғындары. Пилоттық жобаның діттеген мақсаты да осы. Яғни, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, тұрмыстық табысын арттыру.

 

 

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»