Бабын тапса Қант қызылшасы да – табыстың қайнар көзі

Жамбыл облысы ертеден қант қызылшасын егумен аты шыққан аймақтың бірі. Бұл бағытты дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай деңгейде. Мәселен,  «ANS-Agro» шаруа қожалығы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпациясы» АҚ арқылы қант қызылшасын өсіру үшін 45 500 000 теңге қаражатқа қол жеткізді. Бүгінде Микаэль Хабибов басқаратын қожалық бұл қаржыға қант қызылшасының тұқымын сатып алған. Осылайша ол аймақтағы балтамыр өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарын тұқыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Бұл жұмыстар Жамбыл облысының қызылша өсірушілер қауымдастығы арқылы іске асырылғанын айта кеткен жөн.

Облыстың қант қызылшасын өсірудегі әлеуетін одан ары арттыруды көздеген «ANS-Agro» шаруа қожалығы аталған өнімді егумен де айналысады. Нақтырақ айтқанда, қожалық Байзақ ауданында 72 гектарға қант қызылшасын еккен. Алдағы уақытта қожалық өңірден маманданатын ауыл шаруашылығы кәсіпорнының жұмысын ұйымдастыруды көздеп отыр.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»