Алғашқы өнімін ала бастады

Жері шұрайлы Меркі ауданында бабын тапсаң жеміс-жидек пен көкөністен мол өнім алуға болады. Бастысы, еккен өніміңе уақытылы қарасаң жеткілікті. Мәселен, «Нұржан» шаруа қожалығы 2019 жылы 5 гектарға таңқурай еккен болатын. Дегенмен ағымдағы жылдың басында еккен жемісін күтіп баптау үшін «Тараз» ӘКК» АҚ-ға жүгінген еді. Нәтижесінде қожалық 20 миллион теңге несиеге қол жеткізді. Нұржан Жылқыбай басқаратын шаруашылық бұл қаржыға тау етегіне егілген таңқурай егістігін өз деңгейінде күтіп баптады. Осылайша, күздің алғашқы айы бастала салысымен алғашқы жемісін де жинауға кіріскен.

– Бабын тапсаң таңқурайдан мол табыс табуға болады. Сондықтан екі жыл бұрын Алматы қаласынан жергілікті таңқурайдың көшеттерін алып келіп ектім. Расында, қазір тиісті деңгейде күтіп баптамасаң еккен жемісің мол өнім бермейді. Сондықтан «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы несие алдым. Ол қаржының барлығын 5 гектар алқаптағы жемісті күтіп баптауға жұмсадым. Шүкір, міне алғашқы жемісін де ала бастадым. Бұл жемістің өнімін әр 4-5 күн сайын қазан айына дейін жинайтын боламыз. Бүгінгі күні гектарынан шамамен 2 тоннадан өнім алып жатырмын. Түскен өнімді жергілікті тұрғындарға келісін 1500 теңгеден өткерудеміз, – дейді шаруашылық басшысы Нұржан Жылқыбай.

Аталған шаруа қожалығы алдағы жылдары таңқурай алқабын 5 гектардан 12 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ әр гектардан түсетін өнімді 2 тоннадан 5 тоннаға дейін жеткізбек. Шаруашылық таңқурайдың күздегі жемісінен бөлек көшеттерін де сатып пайда таппақ. Айта кетерлігі, 5 гектар алқаптан 500 түп көшет шығады екен. Қожалық иесі көшет алу жұмыстарын 2024 жылы бастамақ. Сонымен қатар алдағы жылдары таңқурайдың жапырағын да кәдеге жаратпақ ниетте.

«Тараз» ӘКК» АҚ

Мекен-жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Телефон:

Сенім телефоны:

Барлық құқықтар қорғалған © 2021 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»