Ауыл аманаты: Ауылдағы табысты бастама

Құлан ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасының қолдауымен макарон өнімдерін өндіретін цех өз жұмысын бастап, ауылдағы өндірістің жаңа бағытына айналды.

Бұл жобаны бүгін бізге цехтың бас маманы Айжан Кенжетайқызы таныстырады. Ол өндіріс барысы, қолданылатын технологиялар мен дайын өнімнің сапасы туралы кеңінен айтып береді.

💰 Қаражат көлемі — 7 400 000 теңге
Аталған қаражат макарон өнімдерін өндіруге арналған негізгі құрал-жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ жергілікті өндірісті дамытуға бағытталды.

Бүгінде цехта:
✨ сапалы әрі қолжетімді өнім өндіріледі,
✨ замануи технологиялар қолданылуда,
✨ ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылуда.

📌 «Ауыл аманаты» — бұл тек несие емес, ауылдық жерлерде өндірісті дамытып, тұрақты табыс көзін қалыптастыратын тиімді жоба.

💼 «Тараз» ӘКК» АҚ — кәсіпке бағыт беріп, ауылдағы жаңа өндірістердің дамуына қолдау көрсететін сенімді серіктес!

Мекен жайымыз:

Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127

Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173

Барлық құқықтар қорғалған © 2025 «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»