Инвестициялық жобаны іске асыру: Жамбыл облысында болат өндіретін жаңа зауыт қалай салынуда

Жамбыл облысындағы Jibek Joly арнайы экономикалық аймағында толық өндірістік циклді металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Инвестор — Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қытай компаниясы.
Қазіргі уақытта инвестиция бойынша келісім жасалып, бөлінген жер учаскелерін құрылыс-монтаж жұмыстарына дайындау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Индустриялық аймаққа теміржол, электр желілері және табиғи газ сынды қажетті инфрақұрылым тартылған.
Құрылыс кезеңінде 1,5 мың уақытша жұмыс орны ашылып, зауыт іске қосылғаннан кейін 2,5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Инвестор компания жұмыс күшінің кемінде 90%-ын жергілікті тұрғындардан алуды көздеп отыр.
Жобаны жүзеге асыру екі кезеңге: 2025 жылдан 2029 жылға дейін жоспарланған. Зауытты пайдалануға беру 2027 жылға белгіленсе, одан кейінгі екі жыл ішінде өндірістік қуаттылықты кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Жалпы инвестиция көлемі – $756 млн. Жаңа кәсіпорын темір кенін заманауи сутекті технологиямен өңдеп, жылына 3 млн тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы болады. Бұл еліміздегі сутек негізіндегі шахта пешін пайдаланатын алғашқы металлургиялық кешен болмақ. Жоба саланың «жасыл» трансформациясы талаптарына толық сай келеді.
«Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» басқарма төрағасының орынбасары Ли Чжундун зауыт толық қуатына шыққан соң, оның өнімі ішкі нарықтағы болат тапшылығын өтеп қана қоймай, Орталық Азия, Украина мен Еуропа елдеріне экспортқа бағытталатынын айтты.
Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. бүгінде ҚХР-дағы үш металлургиялық кәсіпорынды басқаратын және жылына 23 млн тоннаға дейін болат өндірісінің жалпы көлемін бақылайтын өнеркәсіптік өндірістегі ең ірі әлемдік көшбасшы болып саналады. Жобаларға инвестициялардың жалпы көлемі $6 млрд-тан асады. Қазақстанда еншілес құрылым – АЭА қатысушысы мәртебесін алған «Yonggang Central Asia Iron and Steel» ЖШС тіркелген.
Мекен жайымыз:
Тараз, Қазақстан
Абай даңғылы, 127
Қолбасшы
Қойгелді көшесі, 173
Телефон:
Баспасөз қызметі
- 8 (778) 529 1009
Телефон:
Өңірлік тұрақтандыру қоры
- 8 (7262) 555 065
Электронды почта:
info@spk-taraz.kz